Оқушы жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы » Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
кмм
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-08-33
Есепші бөлімі:
+7(72836) 3-08-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушы жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы
31
январь
2022

Оқушы жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы

«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп –гимназиясы мектепке дейінгі шағын - орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Бұйрық № 


28.01.2022                                                                                                           Қарабұлақ ауылы


Оқушы жастар арасында құқық                                                                                

бұзушылықтың алдын алу 

айлығы туралы


      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылдың 09 қазанымен бекітілген «Балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсетудің алдын алу» хатын, және Ескелді ауданы білім бөлімінің 2022 жылғы 25 қаңтар № 13-н бұйрығын басшылыққа ала отырып,

Бұйырамын: 

1.1 Мектепішілік өтетін құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңестердің жұмысы жандандырылсын.
 1.2 Оқушы жастар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың  алдын алу бойынша білім бөлімінің бекітілген жоспарына сәйкес оқушылар арасында  есірткі, спирттік ішімдіктерді, темекі өнімдерін пайдаланудың алдын алу, ата-аналармен, полиция бөлімі өкілдерінің қатысуымен 2022 жылдың 01 ақпаны мен 28 ақпан аралығында тақырыптық айлық өткізілсін.

1.3 Білім беру мекемесінде құқықты, оның ішінде балалар құқығын насихаттау мен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында тақырыптық іс-шаралар жоспарланып бекітілсін.

1.4 «Адал ұрпақ» ерікті клубтардың жұмысын нығайтып, жүйелендірсін. 

1.5 Оқушылар арасында құқықбұзушылық пен қылмысқа қарсы күрес жұмысын ұйымдастыру мақсатында аудандық ПБ есебінде тұрған, өрескел мінезді қылмыс жасауға бейім, «Сәтсіз» отбасынан шыққан оқушылармен қылмысты болдырмау және жою үшін психологиялық қызмет көрсету мамандарын жұмысқа тартып, рейдтік шаралар жұмысы жандандырылсын.

1.6 Айлық аясында «Қиын» балалар мен девиантты мінезді балалар арасында арнайы жүргізілетін іс-шаралар жоспары бекітіліп, іске ассын.

1.7 Айлық барысында оқушылар арасында шығарма, сурет –плакат байқаулары мен сауалнама, ашық сынып сағаттары, үндеулер, бейнежазбалар, пікір-сайыс турнирлері, тәрбиелік мағынасы зор іс-шаралар жоспарланып, өткізілсін.

1.8 Мектеп кітапханасында арнайы тақырыптық көрме, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында іс-шаралар ұйымдастырылсын.

1.9 Айлық барысында құқық қорғау органдарымен бірлескен «дөңгелек үстелдер», әңгіме сұхбат, кездесулер ұйымдастырылсын.

1.10 Оқушылар арасында қылмысқа қарсы күрес шараларын жиі тексеріп, қалыптастыру үшін мұғалімдер арасынан үнемі кезекшілік ұйымдастырылсын және «қауіпті» топтағы балаларға тәлімгерлер тағайындалсын.

1.11 Кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, жыныстық тәрбиені күшейту мақсатында іс-шаралар белгіленіп, өткізілсін.

 1.12 Аудандық білім бөліміне әр айдың 1-не кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы туралы кестені мерзімінен кешіктірмей ПБ жауапты қызметкерлерінің қолымен бекітіп, уақытылы білім бөліміне өткізілсін.

1.13 Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты, балалар мен жасөспірімдердің қараусыз, қадағалаусыз, панасыз қалуының, бала еңбегін қанаудың алдын алу мақсатында «Түңгі қаладағы балалар» рейдтерінің қорытындысы үнемі сараланып, мектеп директорының жанындағы кеңестерде қаралсын.

1.14 Құқық айлығына бағытталған аудандық, облыстық іс-шаралар семинарлары бекітілген мерзімде өткізілсін.

1.15 Аталған шаралардың қорытындысы БАҚ мен әлеуметтік желілерге хабарлануы қамтамасыз етілсін. 

1.16 Құқық айлығы жоспарының орындалуы туралы ақпарат, суретімен аудандық білім бөліміне 2022 жылдың 01 наурызына дейін өткізілсін. 

      2. Балалар қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында барлық білім беру ұйымдарында «Төтенше жағдайлардың алдын алу», «Жолда жүру ережесі», «Діни экстремизм» т.б мектептегі подвал, шатырлардағы және басқа да қауіпсіздік құралдарына түгендеу жүргізілсін.   

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Умархановқа жүктелсін.





Мектеп директоры                           Ә.Ұ.Тазабеков

































Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив