тәрбие жұмысы бойынша І-ші тоқсанда атқарылған жұмыс есебі 2019-2020 оқу жылы » Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
кмм
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-08-33
Есепші бөлімі:
+7(72836) 3-08-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » тәрбие жұмысы бойынша І-ші тоқсанда атқарылған жұмыс есебі 2019-2020 оқу жылы
07
ноябрь
2019

тәрбие жұмысы бойынша І-ші тоқсанда атқарылған жұмыс есебі 2019-2020 оқу жылы

ҚР «Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп –гимназиясы мектепке дейінгі шағы орталығымен» КММ-нің тәрбие жұмысы бойынша І-ші тоқсанда атқарылған жұмыс есебі. 

       Биылғы 2019-2020 оқу жылында тәрбие саласы бойынша төмендегідей іс-шаралар жұмысы атқарылды. Яғни 5-ші шілде мен 30 қыркүйек аралығында республикалық дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Бұл аталмыш акциясы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясында  «Жүректен - жүрекке» атты ұранымен өтті.  

        Акцияның мақсаты – аз қамтылған отбасыларындағы оқушылардың жаңа оқу жылына дайындалуға және балалардың әлеуметтік жағдайлары бойынша мектепке бармауын алдын алу. Мектебімізде жағдайы төмен отбасынан шыққан 38 оқушыға ЖББА есебінен мектепке қажетті құрал жабдықтарға тапсырыс берілді. Атап айтатын болсақ әр оқушыға сумка, қалың дәптер, түрлі түсті карандаш, дәптер қабы, пластилин, бояу, сурет дәптер, сызғыш, күнделік. 38 оқушының құжаттары толық жинастырылып арнайы папкаға жинақталды. Сонымен қатар мектепте «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы мұғалімдер арасында ұйымдастырылып өткізілді. Жыл басында мектепке жол акциясында жалпы соммасы 379190 тг заттай және қаржылай жинақталды.  Сонымен бірге қыркүйек айының 27-і күні 2-11 сыныптар арасында жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкеге барлық сыныптар түгелдей қатыстырылып, өздерінің үлестерін қосты. Мектепке жол акциясын қорытындылау барысында жәрмеңкеден жалпы соммасы 75080 тг қаржылай жиналып, қайырымдылық қорына салынды. Акцияны қорытындылай келе жалпы соммасы 454270 тг қаржылай және заттай жиналды. Ата-аналар тарапынан, сынып жетекшілердің көмегімен мектеп бойынша 22 демеуші анықталып  28 жағдайы төмен отбасындағы оқушыларға жалпы соммасы 331690 теңгеге оқуға қажетті құрал-жабдықтармен киім-кешек комиссия мүшелерінің шешімі бойынша алынып берілді. Қазіргі уақытта қайырымдылық қорының есебінде 122580 теңге қаржылай ақша қалды. Жалпы акцияның қорытындысы бойынша 1-11 сыныптардың сынып жетекшілеріне рахмет айтқым келеді. Себебі сыныптың атынан акцияға қатысып, жарымжан жандарға үлкен көмек көрсеттіңіздер. Алдағы уақытта қамқоршылық кеңесінің шешімі бойынша, аз қамтылған отбасы балалары анықталған жағдайда көмек көрсетуге және мектептің материалдық –техникалық базасын жаңартуға жаратылады. 

        Тамыз айында өткен ұстаздар конференциясына арнап мектептегі сыныптан тыс өтетін спорттық секция мен үйірме жұмыстарына арналған 5 минуттық бейнеролик және 11 Б сынып оқушысы Р. Сабеткановке арнап «Мені қызықтырған спорт әлемі» тақырыбына 5 минуттық бейнеролик түсіріліріп конференция жұмысында көрсетілді, оған өздеріңіз куә болдыңыздар. Сонымен бірге Р.Сабеткановты үлкен сахнаға шығару үшін дайындық жұмысын жүргізген Г.Намысбаеваға алғыс білдіреміз.    

       1 қыркүйек білім күні биылғы 2019 оқу жылында «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» атты тақырыпта өткізілді. Салтанатты жиынның құрметті қонағы аудан әкімінің орынбасары Қ.А.Әлібаев болды. Жиынға 1-11 сыныптар түгелдей қатысып шараның өз деңгейінде өтуге үлестерін қосты. Сонымен бірге атап өтетін жағдай 1-қыркүйек білім күніне арналған безендіру жұмыстарына қарсылық білдірмей, бірауыздан келісіп қаржылай, заттай көмектесіп, жауапкершілік алып үлестерін қосқан сынып жетекшілер Г.Намысбаева, Ж.Молдакаримова, А.Колбаеваға сіздерге рахмет. Сонымен қатар 1-11 сыныптар барлығы кітаппен қамтылды және барлығына жеткілікті. Жаңа оқу жылының басында 1-11 сыныптардың сынып жетекшілерінен оқушылар туралы мәлімет алынды. Қазіргі уақытта азқамтылған 38 отбасы, 72 оқушы бар, толық емес отбасы 62, оның ішінде 58 оқушы бар, оның ішінде әкесіз 12 оқушы, ажырасқан отбасында 43 оқушы, Ф4 анықтамасымен  3 оқушы, көпбалалы 141 отбасы, оның ішінде 172 оқушы, жетім оқушы 1. 

         Сонымен бірге жаңа 2019-2020 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының 9 бағыты бойынша жұмыс жоспары, құқықтық тәрбие, қамқоршылық кеңесі, құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесі, ата-аналармен жұмыс, жас құтқарушылар, жас полиция көмекшісі, тегін ыстық тамақ, үйірме, спорттық секция, рухани жаңғыру, Балпық би Деріпсалыұлының 325 жылдығына арналған жылдық жұмыс жоспарлары мен тіл мерекесі, қауіпсіз мектеп, қарттар, ұстаздар күні мерекелеріне арналған апталық жұмыс жоспарлары құрылып бекітілді. Сол жоспар бойынша іс-шаралар атқарылу үстінде. 

       Жаңа оқу жылына тегін ыстық тамақ бойынша мектепішілік бұйрық шығарылып, бақылау комиссия мүшелері бекітілді. Ыстық тамақпен барлығы 112 оқушы қамтылды, оның ішінде 82 

оқушы ЖБББА есебінен, 30 оқушы жалдаушы есебінен тамақтанады. Ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың құжаттарына комиссия мүшелерінің қолдары қойылып арнайы папкаға жинастырылып салынды. Сонымен бірге асханада кезекшілік жұмысы ұйымдастырылған. Өкінішке орай кейбір әріптестеріміздің жауапкершілігінің төмендігінен кезекшілік жұмыстары өз деңгейінде атқарылмайды және тамақтанатын оқушылардың уақытылы келіп тамақтанбауы, журналға уақытында қол қоймауы жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуына кедергі келтіретіні белгілі. Осыған орай тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың сынып жетекшілері және кезекші мұғалімдер аталған кемшіліктерді болдырмау үшін қатаң бақылауға алулары тиіс. 

       Спорттық секция мен үйірме сабақтарының сабақ кестесі құрылған және спорттық секцияның 10 түрі бар оның ішінде, волейбол, баскетбол, футбол, шаңғы тебу, теннис, ұлттық тоғыз құмалақ, дойбы, шахмат ойындары, президенттік тест. Барлығы 280 оқушы қамтылған. Үйірме жұмысының 14 түрі бар оның ішінде, волейбол, футбол, теннис, ұлттық ойындар, көркемөнерлік эстетика бағыты, сәндік қолданбалы, жаратылыстану- математикалық бағыт, тілдік бағыт және басқалары. Барлығы 228 оқушы қамтылған, оның ішінде 164 қыз. Аталған спорттық секция мен үйірме сабақтары аптасына 5 күн сағат 15.00 мен 19.00 аралығында өткізіледі. Бірақ түстен кейінгі сабақтарға оқушылардың қатысуы өте төмен, осыған сынып жетекшілер баса мән беріп оқушылардың қатысуына ықпал жасауларыңыз қажет. 

       Қыркүйек айының 16-23 аралығында аралығында «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы және Қазақстан халықтарының тілдері»  атты апталық жұмыс жоспары құрылды. 

      Мақсаты: 22 қыркүйек –Қазақстан халқы тілдер мерекесінің мәртебесін арттыру және оқушы жастарға өз тілін құрметтеуге, ана тілінде сөйлеуге, тіл туралы заңның орындалуы туралы мағлұматтар беру.

       Жоспарға сәйкес 16 қыркүйек күні 4-11 сынып оқушыларына мектеп алаңында саптық жиын өткізіліп, тілдер мерекесінің апталық жұмыс жоспарымен таныстырылды. Сонымен бірге 10-11 сыныптар «Тіл –менің тағдырым» тақырыбына қабырға газеттері шығарылса,                                   

   

                                                                                                                                                                      









 5-6 сыныптарда «Адамзатты үш нәрсе: ана тілі, туған тарихы, әдебиеті ғана сақтайды» тақырыбына эссе жұмыстары жазылып, үздіктері анықталды. 

                                                 17 қыркүйек күні «Тіл болмыс айнасы» тақырыбына сынып сағаттары өткізілді.


Сынып сағаттарында оқушы жастарға тіл мерекесінің аталып өтілуі және тіл арқылы салт дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды әдеп ғұрыптарымызды, дінімізді дәріптеу арқылы тіл мәртебесін көтеретіндігіміз туралы айтып жеткізу басты міндетіміз. 6ә сыныбында «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған», 

9а сыныбында «Атадан қалған асыл сөз» тақырыбына Э.Ахметова, Б.Ахметова, Г.Төлегенова, Г.Намысбаева сыныптан тыс тәрбие сағаттарын өткізді. Сонымен қатар 2 сыныптарда «Әлем тілдері жүйесіндегі қазақтың ұлттық тілі: кеше, бүгін және келешегі», 3 сыныптарда «Баталы құлға бақ қонар», 4 сыныптарда «Бабалар сөзін балалар сөйлейді» тақырыптарында жұмбақ, мақал-мәтел, бата айту сайысымен презентациялық дәріс сабақтары өткізілді. 

23 қыркүйек күні «Өлең –сөздің патшасы» әдеби, музыкалық кеш өткізілді. Шараға Қазақ тілі мамандары  Ингайбекова Д, Матибаева Ш, орыс тілі мамандарынан А.Колбаева, Л.Богаскулова, Г.Ахмекенова, А.Оразымбетова, А.Есенбекова оқушыларды ән,би, мәнерлеп оқу бойынша дайындап сахналық костюмдермен қатыстырып шараның дұрыс өткізілуіне өздерінің үлестерін қосты. 

Апталық жиын қорытындысы бойынша аудандық «Жетісу шұғыласы» газетіне «Тіл достықтың кепілі» атты мақала болып жариялану керек болған өкінішке орай орындай алмадық, оның есесіне әлеуметтік фэйсбук желісінде жарияланды.

         Қыркүйек айының 16-26 аралығында Қауіпсіз мектеп іс-шара жоспары құрылды. Жоспар бойынша он күндік іс-шарада мектеп психологтары 150- балаларға және жасөспірімдерге арналған ұлттық сенім телефоны линиясы көрсетілген қауіпсіз жүріп тұру ережелері бойынша парақшаларды, кітапшаларды тарату жұмыстарын 1-11 сыныптар арасында ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

     Сонымен бірге 1-4 сыныптар арасында Аудандық ПБ –нен мектеп инспекторы И.Омарбаев оқушылармен «Абайлаңыз балалар» тақырыбына жол жүру ережесін таныстырып, жол қозғалысына байланысты әр түрлі сұрақтар қойып, пікір алмасты. Сонымен қатар 5-11 сыныптар арасында мектеп психологтарының және мектеп инспекторы И.Омарбаевтың қатысуымен «Зорлық-зомбылық, қатыгездіктің алдын алу бойынша сауалнама» жұмыстары жүргізілу тиіс еді, өкінішке орай мектеп инспекторының келе алмауына байланысты жұмыс жүргізілмеді. Сол себептен ІІ-ші тоқсанда сауалнама жұмыстарын жүргізу жоспарлануда

       Балалар құқығын қорғау инспекторы А.Кадиров 5-7 сыныптарға арнап «Бала құқықтары туралы конвенция» тақырыбына баяндама оқып, оқушыларға құқықтық сауаттылыққа байланысты материалдарды көрсетіп, баяндама оқыды. 2-6 сыныптар арасында бейнелеу пәні мұғалімдері Қ.Болатұлы, Б.Рахимов «Қауіпсіздік шұғыласы» тақырыбына сурет салдырып, оқушылардың ойын қағаз бетіне түсіру жұмыстарын жүргізді.  

       Балалардың заңды мүдделері бұзылған және балаға қауіп төнген жағдайда, сонымен қатар интернет желілерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік және басқа да органдарға өтініш білдіру туралы ата-аналарға ақпараттық материалдар тарату  жұмыстары бойынша 5-ші, 1-ші сыныптарда ата-аналар жиналысы өткізіліп, кітапшалар таратылды. Сынып жетекшілер 1-11 сыныптарға «Қауіпсіздік сабақтары» тақырыбына сынып сағаттары өткізілді.

      20-шы Қыркүйек күні  9 «А, Ә» сынып оқушыларынан құралған еріктілер тобымен бірге қазан айында аталып өтетін Қарттар мен Ұстаздар күні мерекесіне орай зейнеткер қарт ұстаздарға қол ұшын созып, көмек көрсету мақсатында «Қарияларға қамқорлық көрсетейік» (қарттар, мүгедек адамдар, еңбек және ҰОС ардагерлері үйлеріне барып күзгі өнімдерін жинауға, үй, аулаларын көркейтуге көмек көрсету ) атты акция ұйымдастырылып өткізілді. Акция барысында Алдабергенов атындағы орта мектебінің қарт ұстазы Марьясова Любовь Панкратьевнаға қолғабыс етсек деген ниетпен аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі С.Жолдыбаевпен бірлесіп үйлеріне барып, үй жұмыстарына көмек бердік. Қарт кісілер өз кезегінде көмектесуге барған жастардың игі істеріне ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

      Қазан айында аталып өтетін 1 қазан –Халықаралық қарттар күніне орай 24 қыркүйек пен 1 қазан аралығына арналған іс-шара жоспары құрылды.  Жоспар бойынша «Ардагерлерді ардақтайық» атты 1-11 сыныптарда сынып сағаттары, «Қариясын ардақтаған ел- ардақты» атты 4ә сыныбының жетекшісі тәрбие сағатын өткізсе, 1-4 сыныптарға арнап «Қарттарым бар сырға толы кітаптай» тақырыбына мектеп кітапханашысы Р.Доспаева кітап көрмесін ұйымдастырылды.  Өкінішке орай ешбір сынып барып жұмыспен таныспады. Сонымен бірге 5-10 сыныптар арасында шахмат, дойбы жарысын дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Ө.Рашидов, Қ.Бейісбаев өткізді. 10 а сыныбы, сынып жетекшісі Ж.Шарафутдинова мен бірлесіп    «Қарияларға қамқорлық көрсетейік» (қарттар, мүгедек адамдар, еңбек және ҰОС ардагерлері үйлеріне барып күзгі өнімдерін жинауға, үй, аулаларын көркейтуге көмек көрсету ) атты акцияға қатысты. Акция барысында мектебіміздің қарт, зейнеткер ұстазы Нурова Зауре Жұмарқызының үйіне барып бау-бақшасын арам шөптерден тазарттып қайтты.

         6 ә сыныбы, сынып жетекшісі Э.Ахметова «Қарты бардың қазынасы бар» тақырыбына арнап ашық тәрбие сағатын өткізді. Сонымен бірге қарттар мерекесімен қатар Ұстаздар мерекесі де аталып өтті. Ұстаздар мерекесіне орай сынып сағаттары 1-11 сыныптарда өткізілді. Ұстаздар мерекесіне орай З.Жетпісбаева мен бірлесіп «Жас маман -2019» мектепішілік байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Шараға осы мектепте жұмыс жасап зейнеткерлікке шыққан 14 қарт ұстаздарымыз 4 қазан күнге құрметті қонақ ретінде шақырылды. Шараның өту барысына арналған даярлама жасалды және осы іс-шараға 4а,ә,б,в сыныптары қарт ұстаздарға арнап құттықтау тақпақтарын оқып, гүл шоқтарын табыс етті. Шараға сыныптар түгелдей қатыстырылды. Себебі барлық оқушылар қолдарына шарын алып АКТ залдың кіре берісінен бастап 2 жаққа бөлініп қарт ұстаздарымызды қарсы алып, үлкен әсер сыйлады. Осы жұмысты ұйымдастыруға ат салысқан сынып жетекшілері Л.Асанова, Ж.Жакипова, А.Қыстаубаева, А.Андасбаева, сонымен бірге АКТ залдың безендіру жұмысына қатысқан 9 а,ә,б сыныптарының сынып жетекшілері Г.Намысбаева, Ж.Молдакаримова, А.Колбаева және технология пәні мұғалімдері Л.Құрманова, М.Жылкибаева, Қ.Болат сіздерге алғысымызды білдіреміз.

«Республикалық экологиялық сағат» ауқымды акциясы 3 қазан күні сағат 11.00 де 1-11 сыныптарда танымдық-дамытушылық сабақтары өткізіліп, өскелең ұрпаққа табиғи ресурстарды күту және сақтау мәселелеріне байланысты бейне роликтермен сабақтар жүргізілді. Сонымен бірге мектеп жанындағы учаскеге жасыл желек жұмсақ жапырақты ағаш көшеттерінен 48 түп қайың, қарағаш отырғызылды. Акцияға жоғары сынып оқушыларымен көркем еңбек пәні мұғалімдері қатысты. 

15-ші қазан күні 7а сыныбының сынып жетекшісі Гүлнәр Жақсыбекқызы Байғонысова «Алмас Ризабеков- біздің мақтанышымыз» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. 

        Мақсаты: Жергілікті атқарушы органдар басшыларының, белгілі тұлғалардың, өңірдің құрметті азаматтарының қатысуымен орта білім беру ұйымдарында қоғамның өзара іс-қимылын күшейту.

          Алмас Ризабеков мектебіміздің түлегі, ішкі істер министрлігінің «Қайсар» медальінің иегері. Алмас жаз айында 3 жеткіншекті өрттен аман алып шыққан қазіргінің батыры. Алмастың ерлігін мектеп жастарына үлгі ете отырып 7-ші сынып оқушыларымен арнайы кездесу сағаты өткізілді. Кездесу барысында оқушыларымыз «Ойыннан өрт шығады» атты сахналық қойылым қойып көпшіліктің ықыласына бөленді. Қойылым арқылы Алмас Ризабековтың ерлігі насихатталды және жас ұрпақтың бойына қайсарлық, батылдық, мейірімділік қасиеттерін сіңіре отырып Алмастың ер мінезінен батыл іс-әрекетін үлгі еттік. Кездесу соңында оқушыларымыз батыр жігіт Алмаспен сұхбаттасып, естелікке суретке түсті. Өткізілген іс-шара қорытындысы аудандық Ескелді әкімдігі интернет желісіне және аудандық Жетісу шұғыласы газетіне мақала болып жарияланды.

       Оқушыларымыз қазан айында өткен республикалық, аудандық байқаулармен жарыстарға қатысып жүлделі орындарға қол жеткізді. Атап айтсам Алматы қаласында өткен республикалық «Күз-мереке» ән би байқауына қатысып жүлделі 1-орынға және «Нұрлы жастар» байқауында бас жүлде иеленді. 18 қазан күні Ескелді би Жылкелдіұлының шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, поэзияға деген құштарлығын арттыру мақсатында өткен байқауда 8а сынып оқушысы Барат Жадыра арнайы номинация иеленді. Жетекшісі: Б.Ахметова.  25 қазан күні аудандық білім бөлімінің спартакиадасының күнтізбелік жоспарына сәйкес оқушылар арасында өткен мини –футбол жарысында мектеп командасы 1–орынға ие болды. Команда құрамында Дулат Мейрамбек, Зияда Аңсар, Дүйсенбек Мұрәділ, Есболов Ернар, Айтбаев Джангир, Жанпейісов Ерасыл, Сабетканов Рүстем, Құдайбергенов Мұхит, Шәріпбай Қуандық. Жетекшісі: А.Сакипов

25 қазанда республика бойынша бір уақытта сағат 12.00 де «Отбасы -тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты бірыңғай сынып сағатын өткізу жоспарланды. Сынып сағатының мақсаты: отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасы. 

        Сонымен бірге 28-ші қараша күні аудандық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Балпық би Деріпсалыұлының 325 жылдығына орай өткізілетін «Ұлы дала елінің дарабозы» атты аудандық конференция жұмысына қатысушы оқушылардың жұмысын өткізу жоспарланды. Қазіргі уақытта ауданға 9 оқушының жоба жұмыстары дайындалып аудандық білім бөліміне өткізілді.


 Ұсыныс:

  1. Тәрбие жұмысы бойынша І-тоқсандағы атқарылмай қалған іс-шаралар ІІ тоқсанда орындалуы жүзеге асырылсын.
  2. Оқушылардың күнделікті сабаққа қатынасуы сынып жетекшілер тарапынан бақылауға алу күшейтілсін. 
  3. Тәрбие жұмысы бойынша атқарылған І-ші тоқсан есебі қанағаттанарлық деп танылсын.

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив