Есеп 2018-2019 оқу жылы » Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
кмм
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-08-33
Есепші бөлімі:
+7(72836) 3-08-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
апрель
2019

Есеп 2018-2019 оқу жылы

ҚР «Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп –гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-нің                2018-2019оқу жылындағы қамқоршылық кеңестің І-жарты жылдықтағы атқарған жұмыстары туралы есебі.

    Жаңа оқу жылының басында қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен жиын өткізілді. Жиын барысында сөз алған мектеп директоры Ә.Тазабеков «Қамқоршылық» кеңесі мүшелері мен ата-аналар комитетінің алдында 8-ші гимназия сыныбы, яғни аудан бойынша жалғыз біздің мектеп Пилоттық жобаға эксперимент сынып ретінде енгізілгенін қуана жеткізді. Себебі, бұл сыныпта оқитын оқушылар биология, информатика пәндерін үш тілде, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілінде оқып, білім алатынын айтты. Сонымен бірге осы пәндерден сабақ беретін пән мұғалімдері бір жыл бұрын дайындық курстарынан өтіп білімдерін жетілдіріп келгенін жеткізді. Қазіргі таңда пән мұғалімдері мен сынып оқушылары жаңа оқу жылында білім алуға толығымен сақадай сай тұрғанын айта келе, жақсы нәтиже көрсетеді деп пән мұғалімдеріне зор сенім артып, эксперимент жұмыстарының оңай емес екенін және оқушыларға да оңай болмайтынын тілге тиек етті. Сөз соңында алдағы болатын жұмыстарына сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.
    Күн тәртібіндегі мәселе бойынша келесі сөз кезегін мектеп директорының орынбасары З.Ғ.Жетпісбаева алып, ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық мектептердің жалпы ережелерімен таныстырды. Пилоттық мектеп өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (09.04.2016 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен), Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, аталған «ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық мектептердің Ережелерін (5-11-сыныптар)», білім беру ұйымдарының жарғыларын және білім беру саласындағы өзге де нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алатынын атап өтті. «Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 455 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 556 бұйрығы пилоттық мектептерді ашуға негіз болып отырғанын айтты. Пилоттық мектеп туралы түсінік берді. Пилоттық мектептердің мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып өтіп, ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуды ұйымдастыруға қойылатын талаптарға арнайы тоқталды. Оның ішінде Пилоттық жобаны мамандармен қамтамасыз ету, жобаны институционалдық қолдау, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталып өтті. Пилоттық мектептердегі оқу процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін айқындап берді. Пилоттық жоба жетекшісінің және шығармашылық топ мүшелерінің міндеттерімен таныстырды.
    Үшінші жарыс сөзге «Қамқоршылық» кеңесінің төрайымы Б.Қостаева Пилоттық жоба бойынша өзінің пікірін білдірді. Өз сөзінде мұндай жоба біздің мектеп үшін өте үлкен сынақ екенін және ауданның білім бөлімі осындай зор сенім артып отырғанда аянып қалуға болмайтынын айта келе, біздің мектептің пән мұғалімдері мен эксперимент сыныптардың алып кететінін сенімді түрде жеткізді. Себебі, бұған дейін де мұндай жобалардың талайы болғанын және сол кездерде жақсы нәтиже көрсеткенін жеткізді. Сол үшін де еш алаңдамауға, бәрі ойдағыдай орындалатынын айтып ұстаздарға шабыт сыйлап бір ауыздан Пилоттық жобаны қолдайтынын жеткізді.
     Сонымен бірге қамқоршылық кеңесінің құрамын көбейту жайлы да кездесу ұйымдастырдық. Осы жиын барысында мектеп директоры Ә.Ұ.Тазабеков сөз алды, ол өз сөзінде былтырғы оқу жылында қамқоршылық кеңесінде 5 адам жұмыс жасағын және былтырғы жұмыс жасаған мүшелердің құрамы өзгергенін айта келе биылғы оқу жылында қамқоршылық кеңесі мүшелеріне тағы 4 адам қосып, жалпы саны қамқоршылық кеңесіне 9 адамды мүше етіп бекітуді ұсынды.


                               

Себебі, ҚР БҒМ 27.07.2017 ж №355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің жаңа үлгілік қағидаларымен таныстырып өтті. Сонымен бірге қамқоршылық кеңестің мақсаты: жарғылық қызметтерді жүзеге асыруға, БҰ материалдық-техникалық базасын нығайтуға ықпал ету, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуын, сондай –ақ БҰ шотына түскен қайырымдылық көмектің жұмсалуын қоғамдық бақылауда ұстау екенін жеткізді. Отырыс барысында қатысқан адамдардың барлығы бір ауыздан қолдап, төмендегі адамдар «Қамқоршылық» кеңесінің мүшелері болып бекітілді.

 

  1.  Қостаева Ботагөз Қырықбаевна - жеке кәсіпкер, асхана жалдаушысы, «Қамқоршылық кеңесі» төрайымы.

 2.  Касенова Мадина Болатовна – Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінің, Заң қызметі бөлімінің басшысы. 

3.  Дарбасова Әсемгүл Төлеуқызы – Ескелді ауданының денсаулық сақтау бөлімінің медбикесі.

4. Омарбаев Ильяс Садуақасович- АІІБ-нің ЖПҚ-нің ЮПТ-ң инспекторы, полиция аға лейтенанты.

5.  Әлімғазина Жібек Қайсановна – зейнеткер ұстаз.

6. Жұпарымбет Әбжәли –Талдықорған қаласы «Көктал» шағын ауданында «Көктал» мешітінің найб имамы.

7.   Танабаева Мөлдір Уалихановна – Ескелді ауданының ветеринария бөлімінің бас маманы.

 8.   Балтабаева Гульсим Абеновна- Ескелді ауданының білім бөлімінің есепшісі.

9.   Меңлібаев Есболат Мәткаримович- зейнеткер ұстаз.

        Екінші жарыс сөзге шыққан «Қамқоршылық» кеңесі төрайымы Б.Қостаева мектеп директоры Ә.Тазабековтың ұсынысын, кеңес мүшелерімен ақылдаса келе қабыл алғанын жеткізіп, рахметін айтты. Себебі: кеңес жұмысы өте ауқымды және жауапкершілікті талап ететін жеткізіп, еңбек ету арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынын баса айтты. Себебі оқушыларға әлеуметтік –мәдени, сауықтыру және дамыту іс –шараларын өткізуде БҰ көмек көрсету, сапалы білім алуға ықпал жасау, білім алушыларды оқытудың, тәрбиелеу мен қамтамасыз етудің жайлы, қауіпсіз ортасын құру үшін жұмыла жұмыс жасау керектігін атап айтты.  

      Сонымен қатар 2018-2019 оқу жылына «Қамқоршылық кеңесі»  жұмыс жоспарын бекіту ұсынылды. Себебі былтырғы оқу жылындағы жауапты тұлғалардың біразы ауысқандықтан жаңадан келген тұлғаларға атқаратын жұмыстарын таныстыра отырып жаңа оқу жылына қайта жұмыс жоспары бірауыздан қабылданып, мектеп директорымен бекітілді.

 

         2018-2019 оқу жылында жыл сайынғы дәстүрлі түрде өткізілетін «Мектепке жол» акциясы туралы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Умарханов сөз алып, қамқоршылық кеңесінің алдында есеп берді. Яғни «Мектепке жол» акциясы бойынша тамыз айынан қызу жұмыс жүргізілгенін айтып, демеушілер қол ұшын созып жағдайы төмен, аз қамтылған, жетім балалар мен көп балалы отбасыларына көмек көрсетілгенін жеткізді.

 

      ЖББА есебінен 66 оқушы мектепке қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілсе, кәсіпкерлер тарапынан да көмектер көрсетілді. 

 

       Мектепте 12 демеушіміз анықталып жалпы соммасы 169700 тг қаржылай және заттай жиналды. Оның ішінде 104200 тг қаржылай және 65500 тг заттай болды. Акция барысында 130800 тг 25 оқушыға мектеп формасы, спорттық киім, құрал-жабдықтар алынып берілді.


  Сонымен бірге 12000 тг қоқыс салатын жәшіктер алынса. Қазіргі уақытта 169700 тг-ден 26900тг қайырымдылықтың шотында қалды.  

 

  

        Айта кететін жағдай мектептің материалдық техникалық базасын жаңарту жағдайында мектепке кәсіпкерлерді, демеушілерді тарту арқылы кез келген кабинетті, не болмаса мектептің кіре беріс жерлеріне жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін көмек керек екенін жеткізді. Ол үшін осындай қайырымдылық іс-шараларын өткізу арқылы, түскен қаржыны қамқоршылық кеңесінің шешімі мен білім беру ұйымының материалдық –техникалық базасын жетілдіруге, спортты дамытуға, дарынды балаларды қолдауға жұмсау арқылы жұмыстарды жүргізуге болатынын жеткізді. Сонымен бірге қыркүйек айының 29-ы күні 2-10 сыныптардың арасында жәрмеңке өтті. Яғни жәрмеңкеге ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер қатысты. Жәрмеңкеден 55700 тг қаржылай ақша жиналып, қайырымдылық шотына салынды. Жалпы соммасы 82600 тг құрады. 


                         

      Қамқоршылық кеңесінің мүшелері өздерінің ойын айтып, қолдайтынын жеткізді. Себебі қазіргі уақытта республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы мөлшері жеткіліксіз болғандықтан, осындай жолдармен мектептің ішкі жаңарту жұмыстарын жүргізуге болатынын айтты. 

түсті

Шыққан шығын

Қандай іс шараларға жұмсалды

қалдық

 

 

225400 тг

 

 

130800 тг

25 оқушыға мектеп формасы, спорттық киім, азық-түлік, құрал-жабдықтар алынып берілді.

 

 

82600 тг

 

 

12000 тг

қоқыс салатын жәшіктер алынды

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив