Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістемелік бірлестігінің 2022-2023оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Бекітемін Келісемін
Мектеп директоры Мектеп әдіскері
_______________ _____________
Тазабеков Ә.Ұ Джуманова С.К
«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістемелік бірлестігінің
2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
І отырыс | |||
р/с | Іс-шаралар | Мерзімі | Жауапты |
1 | ҰБТ-дің қорытындысы және 2022-2023оқу жылына арналған ӘБ мақсаты және бірлестік мүшелерінің міндеттерімен таныстыру. | Тамыз | Джуманова С.К Тулегенова Г.Е |
2 | 2022-2023 оқу жылына Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы нұсқау хатпен таныстыру. | Тамыз | Тулегенова Г.Е |
3 | Пән мұғалімдерінің күнтізбелік,арнайы курс, факультатив жоспарларын қарап, бекітуге ұсыну, «Мәңгілік ел», «Ұлттық құндылықты жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды » енгізу. | Тамыз | Тулегенова Г.Е |
4 | Сабақты зерттеу тобын құру | Тамыз | Пән мұғалімдері |
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша және жазба жұмыстарын бағалау өлшемдерімен таныстыру. | Тамыз | Ахметова Б.Б | |
5 | 11- сынып оқушыларының оқу сауаттылығы, 9- сынып оқушыларының ОЖСБ-на дайындық жоспарын құру және бекітуге ұсыну. | Тамыз | Пән мұғалімдері |
ІІ отырыс | |||
р/с | Іс-шаралар | Мерзімі | Жауапты |
1 | Іс-тәжірибеден «Мәтінмен жұмыс түрлерін тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру» | Қараша | Матибаева Ш.Е |
2 | «Оқушының бойындағы құндылықтарды бағалай білу қабілетін қалыптастыру жолдары» | Қараша | Тулегенова Г.Е |
3 | І тоқсан қорытындысы, І тоқсан бойынша бақылау жұмыстарының мониторингісін шығару. | Қараша | Пән мұғалімдері |
4 | 5,6 және 8-сыныптардың модерация жұмыстарын қорытындылау. | Қараша | Пән мұғалімдері |
5 | 8-11 сыныптар арасында пән олимпиадасына қатысатын оқушыларды анықтау. Пән олимпиадасына дайындық жоспарын құру, пән олимпиадасының кестесімен танысу. | Қараша | Пән мұғалімдері |
6 | Оқу сауаттылығын арттырудың тиімді әдіс-тәсілдері | Қараша | Ингайбекова Д.Ж |
7 | «Оқушылардың тыңдалым дағдысын қалыптастырудың тиімді жолдары» | Қараша | Ахметова Б.Б |
ІІІ отырыс | |||
р/с | Іс-шаралар | Мерзімі | Жауапты |
1 | «Сабақ барысында оқушыларға психологиялық көмек» тренинг | Қаңтар | Жакаева А.Қ. |
2 | Іс-тәжірибеден «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» | Қаңтар | Матибаева Ш.Е |
3 | І жартыжылдық бойынша қорытынды мониторингісін шығару. | Қаңтар | Пән мұғалімдері |
4 | 5, 6 және 8 сыныптардың модерация жұмыстарын қорытындылау. | Қаңтар | Пән мұғалімдері |
5 | Сынып журналдарының толтырылуы мен жазба жұмыстарының өтуі. | Қаңтар | Ингайбекова Д.Ж |
6 | «Оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру» | Қаңтар | Намысбаева Г.Е |
ІҮ отырыс | |||
р/с | Іс-шаралар | Мерзімі | Жауапты |
1 | «Сын тұрғысынан ойлаудың мәні» | Наурыз | Ахметова Б.Б |
2 | ІІІ тоқсандағы білім сапасының мониторигісі мен жазба жұмыстарының қорытындысы. | Наурыз | Пән мұғалімдері |
3 | 9 және 11-сыныптардың модерация жұмыстарын қорытындылау. | Наурыз | Пән мұғалімдері |
4 | Аттестациядан өтетін мұғалімнің есебі. | Наурыз | Пән мұғалімдері |
5 | ОЖСБ мен ҰБТ-ге дайындық деңгейін тыңдау. | Наурыз | Пән мұғалімдері |
6 | 9, 11-сыныптардың қорытынды аттестациясына қажетті нормативтік құжаттармен танысу,қажетті емтихан құжаттарын дайындау | Наурыз | Пән мұғалімдері |
Ү отырыс | |||
р/с | Іс-шаралар | Мерзімі | Жауапты |
1 | «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» | Мамыр | Матибаева Ш.Е |
2 | ІҮ тоқсан және жылдық білім сапасының мониторигісі мен жазба жұмыстарының қорытындысы. | Мамыр | Пән мұғалімдері |
3 | 5, 6 және 8 сыныптардың модерация жұмыстарын қорытындылау. | Мамыр | Пән мұғалімдері |
4 | 2021-2022оқу жылындағы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, сараптама жасау. | Мамыр | Бірлестік мүшелері |
5 | 2021-2022оқу жылына ӘБ мұғалімдерінің жұмыс жоспарын құру. | Мамыр | Тулегенова Г.Е. |
6 | Ескелді би, Абай, Ілияс, Мұқағали оқуларына оқушыларды іріктеу. | Мамыр | Пән мұғалімдері |
8 | Мемлекеттік емтихан жүргізу ережелерімен таныстыру, материалдарын бекітуге ұсыну. | Мамыр | Тулегенова Г.Е. |
9 | Дарынды, үлгерімі нашар, оралман оқушылармен жүргізілген жұмыстарға талдау жасау. | Мамыр | Бірлестік мүшелері |
10 | Журнал толтырудағы және баға қоюдағы нақтылықты тексеру. | Мамыр | Бірлестік мүшелері |
11 | Аттестациядан өтетін мұғалімдердің тізімін анықтау. | Мамыр | Бірлестік мүшелері |
БІРЛЕСТІКТІҢ ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕСІ:
Сабақ үрдісінде оқытудың жаңа технологиясын тиімді пайдалана отырып, оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне деген қызығушылығын арттыру және шығармашылықпен жұмыс істей алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІКТІҢ МАҚСАТЫ:
Оқушылардың жазу, оқу, сөйлеу және тыңдау қабілеттерін дамыта отырып, ана тілін терең әрі жан-жақты түрде үйретіп, меңгерту. Әр түрлі көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың есте сақтау, көру, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру.
МІНДЕТІ:
- Тілді оқыту, тілді үйрету адамды тәрбиелеумен қатар жүреді. Сондықтан тіл арқылы оқушылардың іскерлігін, сөйлеу дағдыларын, әдеп-әдеттерін, қатысым мәдениетін қалыптастыру.
- Оқытудың жаңа технологияларын іс-тәжірибеде кең қолдана отырып, бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеу.
- Салт-дәстүрімізді сақтайтын туған тілдің қыры мен сырын ғылыми негізде таныту.
- Теориялық білімді тәжірибелік жұмыстармен ұштастыра отырып, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру, шығармашылық қабілетін арттыру.
- Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушының белсенділігі мен іскерлігін арттыру, дарындылығын, ізденімпаздығын, қабілеттілігін, талаптылығын анықтау.
.Биылғы 2022-2023 оқу жылында ӘБ –те 7 мұғалім еңбек етеді. Барлығы жоғары білімді тәжірибелі ұстаздар. ӘБ мұғалімдерінің мақсаты мен міндеті – болашақ ұрпаққа жаңа технология әдістері бойынша оқытуда сапалы білім беруге талпынады.
Жоғары санатты- 1
Бірінші санатты- 1
Педагог-сарапшы -5