«Көркем еңбек және музыка» әдістемелік пәндер бірлестігінің апталық өткізген жұмысы » Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
кмм
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-08-33
Есепші бөлімі:
+7(72836) 3-08-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Көркем еңбек және музыка» әдістемелік пәндер бірлестігінің апталық өткізген жұмысы
11
октябрь
2021

«Көркем еңбек және музыка» әдістемелік пәндер бірлестігінің апталық өткізген жұмысы


«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің





«Көркем еңбек және музыка» 

әдістемелік пәндер бірлестігінің 

апталық өткізген жұмысы


 


Бірлестік жетекшісі: М.Е.Жылкибаева









Қарабұлақ кенті

2021-2022 оқу жыл

Апталықтың  іс-шара жоспары жасақталып, бекітілді.

Апталықтың  тақырыбы«Өнерлі ұрпақ- ұлт болашағы»

Апталықтың  мақсаты: Оқытудың озық технологияларын меңгере отырып, жас ұрпаққа заман талабына сай жаңаша білім беруді қалыптастыру және оқушылардың сыныпта алған білімін, жеке пәнге деген қызығушылығын   арттыру.

«Көркем еңбек және музыка»   әдістемелік пәндер  бірлестігінің  құрамында 6мұғалім  ұстаздық  қызметін  атқарады.

  1. Жылкибаева М.Е.- көркем еңбек  пәнінің мұғалімі
  2. Ұлықбек Ақат- музыка пәнінің мұғалімі
  3. Тонкерис Гулжайна –музыка пәнінің мұғалімі
  4. Рахимов Б.Н. –көркем еңбек пәнінің мұғалімі
  5. Болат Қ – көркем еңбек  пәнінің мұғалімі.

Жаңа технология негізінде оқу процесін жетілдіруде, жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені тарату,  білім беруді нәтижеге бағыттау арқылы білім сапасын арттыру жолдары, оқытудың тиімді технологияларын мектеп практикасына ендіру бағытындағы тәжірибе алмасу  жұмыстарына байланысты қазан  айында қашықтықтан сабақ беру арқылы  «Көркем еңбек және музыка» әдістемелік пәндер бірлестігінің   апталығы  өтті. 

Апталықта пән мұғалімдері жоспар бойынша жұмыс жасап, есептерін берді.

«Көркем еңбек және музыка» әдістемелік пәндер бірлестігінің 04.10.2020-08.10.2020 аралығындағы пән апталықтарының жоспары.

Жұмыс мазмұны 

Уақыты 

Өткізу формасы

Жауаптылар 


Әдістемелік күн

Мақсаты: Педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру

«Өнер- ұлттың асыл қазынасы». Апталықтың ашылуы 

04.10.21

Онлайн Бейнеролик

Жылкибаева М.Е

1

«Күй құдіреті»


05.10.2021

5б сынып 

6 сабақ

Ашық сабақ

Ұлықбек А

2

Тұрмыстық жанр

06.10.2021

4б сынып 

3 сабақ

Ашық сабақ

308 кабинет

Болат Қ

3

Қазақтың кәсіби музыкасы

“Дәстүрлі әншілік өнер” 

 06.10.2021

6а сынып  

4 сабақ 

Ашық сабақ


Төңкеріс Г

4

Өнердегі заманауи стильдік бағыттарды зерттеу негізінде тәжірибелік жұмыс орындау. (2D немесе 3D форматында)

07.10.2021

7ә сынып

1 сабақ

Ашық сабақ

307 кабинет

Галымбеков Д

5

Шығармашылық жұмыстарды орындау

08.10.2021

8а сынып 

3 сабақ

Ашық сабақ

409 кабинет

Жылкибаева М.Е

6

«Қала пейзажы»

08.10.2021

5а сынып

 6 сабақ

Ашық сабақ

108 кабинет

Рахимов Б.Н

«Өнер- ұлттың асыл қазынасы». Апталықтың жабылуы

08.10.21

Онлайн Бейнеролик

Жылкибаева М.Е









Апталықта жоспарланған жоспар бойынша 04 қазан күні онлайн бейнеролик жасалды және вацап желісі арқылы пән мұғалімдері апталыққа шақырылды.   05.10.2021 музыка пәнінің мұғалімі Ұлықбек Ақат 5 б сыныбымен «Күй құдіреті» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Мақсаты. Оқушылардың шығармашылық нәтижелерін көрсету және жас өнерпаздардың әнге деген қызығушылықтарын арттыру.

06.10.2021 көркем еңбек   пәнінің мұғалімі Болат Қастер  4б сыныбымен «Тұрмыстық жанр» тақырыбында ашық сабақ  өткізді.

Мақсаты: Оқытудың озық технологияларын меңгере отырып, жас ұрпаққа заман талабына сай жаңаша білім беруді қалыптастыру және оқушылардың  меңгерген білімін, жеке пәнге қызығушылығын түрлі сыныптан тыс жұмыстар арқылы арттыру.

06.10.2021 музыка пәнінің мұғалімі Тонкерис Гулжайна  6а сыныбымен   Қазақтың кәсіби музыкасы “Дәстүрлі әншілік өнер” тақырыбында ашық сабақ өткізді.


08.10.2021 көркем еңбек   пәнінің мұғалімі Жылкибаева М.Е 8а сыныбымен «Шығармашылық жұмыстарды орындау» тақырыбында ашық сабақ өтті.

08.10.2021 көркем еңбек   пәнінің мұғалімі Рахимов Б.Н 5а сыныбымен  «Қала пейзажы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.


Апталық жоспар бойынша  өтті.  Ашық сабақтарда белсенді оқытудың әдіс-тәсілдер  элементтері көрсетілді. Сонымен қатар, бейнебаян, слайдтар көрсетіліп, оқушылар шығармашылық жұмыстар жасады,  оқушылар  кері байланыс  жасалып сабақтар  жоғары деңгейде өтіп, өз нәтижесін көрсетті. Сабақ  соңында  сабақ  барысы  туралы  пән  мұғалімдері өз пікір, ұсыныстарын айтып,  талқылап, кері байланыс жасады. Мұғалімдер  өздерінің  алған  әсерлері  туралы  ортаға  салды. 

Ашық сабақтар дер кезінде талданды, кемшіліктер, атап айтар болсақ, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Галымбеков Д.Г апталықта ауырып жатқандығын айтып,   денсаулығына байланысты сабақ өтпеді, директордың әдістемелік жөніндегі орынбасары С.К.Джумановаға айтылып, ескертілді. Сондай-ақ, Музыка пәнінің мұғалімі Ұлықпек Ақат пен көркем еңбек пәнінің мұғалімі Рахимов Б.Н сабақтары сабақ жоспарынан ауытқып, талапқа сай өтпеді. Оларға кемшіліктері айтылып, директор жанындағы кеңесте ескерту берілді.    Жалпы апталық  «жақсы» деп бағаланды. Пән мұғалімдері көп ізденіп, әр істеріне шығармашылық ұмтылыспен қараған. Апталықта жоспар бойынша талапқа сай өткізген пән мұғалімдерінің сабақтары  сабақ өту барысында сабақ «жақсы» деп бағаланды.

Қорытындылай келе көрінекті педагог В.А. Сухомлинский  «Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады»- деп айтқан. Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар  мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қол таңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады демекші, әр сабағымызды түрлендіріп өтсек қызықты әрі тиімді болмақ

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив