Шахматтан республикалық челлендж » Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
кмм
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-08-33
Есепші бөлімі:
+7(72836) 3-08-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
апрель
2023

Шахматтан республикалық челлендж

Шахматтан республикалық челлендж өткізу. КОНЦЕПЦИЯСЫШахмат – зейінді, интеллект пен логикалық ойлауды дамытатын балалар мен ересектерге арналған танымал спорт түрі.
Шахмат – оқушылардың зейін, сыни тұрғысынан және логикалық ойлау, шешім қабылдау, стратегиялық жоспарлау, шығармашылық талдау, қабылдау және бағалау сияқты ақыл-ой қабілеттерін дамытатын ойын.
Биыл елімізде тұңғыш рет 2-11 сынып оқушылары арасында Шахмат олимпиадасы өткізілді. Сонымен қатар, республиканың барлық білім беру ұйымдарында түрлі іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Солардың бірі - оқушылар мен студент жастардың арасында шахмат челленджі.
2023 жылғы 12 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де республиканың барлық мектептерінде, мектептен тыс ұйымдарында және колледждерінде шахмат ойыны басталады.
Шахмат челленджі республикада алғаш рет өткізіліп отыр және республиканың мәдени өміріндегі бірегей оқиға болып табылады.
Шахмат челленджі жалпы, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы балалар мен жасөспірімдердің, педагогтердің арасында аталмыш спорт түрінің бұқаралық сипатта дамығанын, жарқын жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Челлендж – еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын, оқушылардың зияткерлік ойындарға қызығушылығын арттыратын ауқымды республикалық акция.
Челлендждің мақсаты – шахмат арқылы балалардың зияткерлік және ақыл-ой қабілеттерін дамыту.
Челлендждің міндеттері:
- оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ақыл-ой белсенділігін арттыру, логикалық ойлау, есте сақтау, аңғарымпаздық пен зейінін дамыту.
- балалардың бойында табандылық, төзімділік, ерік-жігер, сабырлық, өз қабілеттеріне деген сенімділікті дамыту.
Үйлестірушілер: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі. Ұйымдастырушылар: жергілікті атқарушы органдар, білім беру ұйымдары.
Қатысушылар: жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, педагогтері.
Реквизиттер: үстелдер, орындықтар, шахмат, шахмат сағаттары.
Ойын шарттары:
Ойын ФИДЕ ережелеріне сәйкес өтті
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив