Баяндама: Білім беру мекемесінде балалардың тамақтануын ұйымдастыру. » Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
кмм
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-08-33
Есепші бөлімі:
+7(72836) 3-08-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Баяндама: Білім беру мекемесінде балалардың тамақтануын ұйымдастыру.
01
сентябрь
2022

Баяндама: Білім беру мекемесінде балалардың тамақтануын ұйымдастыру.

«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын-орталығымен»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Баяндама: Білім беру мекемесінде балалардың тамақтануын ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысы
 бекітілген. Осы қаулыға сәйкес төмендегі 5 санатқа жататын отбасы балалары 
білім беру ұйымында болған кезеңде бір реттік тамақтандыруды ұйымдастырады.

  1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылар
  2. Сондай-ақ, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілерге
  3. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға
  4. Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге 
  5. Білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына

Білім алушыларға бір реттік тегін ыстық тамақ берілуі үшін ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдар мекеме басшысының атына өтінішін білдіреді және берілген өтініштер тіркеу журналына жазылады.  Өтініш қажетті құжаттармен бірге өтініш түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. Өтініш беруші қажетті құжаттардың түпнұсқасымен көшірмесін өткізеді. Егер жалған ақпарат және дәйексіз құжаттар ұсынған адамға көмек түрлері көрсетілмейді. Сондай-ақ материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған алқалы басқару органының қорытындысына сәйкес материалдық көмек көрсетуді қажет етпейтін адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды. 

       Асханадағы тамақтың сапасы мен санитарлық-гигиеналық нормасын бақылау үшін        комиссия мүшелері құрылған. Бракеражды комиссия төрағасы, мектеп директоры.     Күнделікті медициналық қызметкер дайын тағамдарға органолептикалық бағалау жүргізіп, тағамдар және аспаздық өнімдер жайында органолептикалық бақылау журналына   жазба жүргізіп отырады. Сонымен қатар асханада кезекшілік кестесі бойынша мұғалімдер кезекшілік атқарып отырады. Тегін ыстық тамақ бойынша туындаған сұрақтар директор жанындағы кеңесте қаралып,  күнделікті жұмыс барысы бақыланып отырады.  

Биылғы оқу жылында Е-ZHETYSU.KZ cайты арқылы құжаттар қабылданып, барлығы 103 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Яғни, 1-4 сыныптарда 50 оқушы. 5-10 сыныптарда 53 оқушы. Оның 69 оқушысы атаулы әлеуметтік көмек (АСП) алатын отбасылардан шыққан балалар, 2-і жетім оқушы. Қалған 32 оқушы көпбалалы, азқамтылған отбасылардан шыққан балалар. Осы 103 оқушының тізімі тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар ретінде ҰБДҚ-да тіркелді. Бұл оқушылардың барлығы жыл соңына дейін тамақтанады. Егер басқа мектепке ауысып кеткен жағдайда немесе ата-анасының өтініші бойынша тегін ыстық тамақтан бас тартқан жағдайда тамақтану тізімінен шығарылады және орнына тегін ыстық тамақ ішу үшін өтініші тіркелген кезекте тұрған оқушы кеткен оқушының орнына тізімге кіргізіледі. 

      Тамақ беруге қажетті ыдыс –аяқ, кесе, табақ, қасық т.б.көптеген заттарды сатып алып асхананы жабдықтаған. Асхананың эстетикалық жағына да көп көңіл бөлінген, қабырғаларға сурет салынып, терезелерге перде, қабырғаға стенд ілінсе, тамақ ішетін столдар арнайы жапқыштармен жабылған. Асхананың іші және тамақ жасайтын жерлері  таза. Азық-түлік сақтайтын тоңазытқыштары бар. Асханада қызмет көрсетуге рұқсат ететін құжаттары да толық және қанағаттанарлық түрде. 

        Асхана ұжымының қызмет көрсетуі де көңіл толарлық. Атап айтсақ жасаған тамақтары дәмді және тамақ шығымы қанағаттанарлық. Апта бойы әртүрлі тағамдар және көкөніс салаттары ас мәзірі бойынша жасалынады және  оның сапасы өте жоғары. Тамақтарға тек сертификатталған сапасы жоғары сүт, май және тамақ өнімдері пайдаланады. Тамақ тарату кезінде асхана қызметкерлері  жылдам қозғалып әдептілік, сыпайлық танытады.







Мектеп директоры                           Ә.Ұ.Тазабеков    


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив