5-11 сыныптардың ұлдарына жиналыс » Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
кмм
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-08-33
Есепші бөлімі:
+7(72836) 3-08-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
сентябрь
2022

5-11 сыныптардың ұлдарына жиналыс

2022 жылдың 28 қыркүйегінде 5-11 сыныптардың ұлдарына жиналыс өткізілді. Ұлдар жиналысына аудандық емхана дәрігері Талап Бекайдарұлы және АПБ-нің ЖПҚ ЮПТ-ның инспекторы, полиция капитаны Ернұр Бауыржанұлы шақырылды. Шақырылған қонақтар түгелдей келіп қатысты. Жиналыс барысында аудандық емхана дәрігері Талап Бекайдарұлы оқушыларға қазіргі таңдағы адам денсаулығына зиян тигізетін тағам түрлері мен сусындарды баяндап, ондай тағамдардан аулақ болуға шақырды. Сонымен қатар дұрыс тамақтану денсаулық кепілі екенін айта келе өзінің сөзін қорытындылады.
Екінші кезекте аудандық білім бөлімінің тарапынан берілген есірткі тақырыбындағы бейнероликтер көрсетіліп, оқушылардың назарына ұсынылды. Сондай-ақ оқушылармен өзара сұрақ-жауап алмасу сәті де орын алды.
АПБ-нің ЖПҚ ЮПТ-ның инспекторы, полиция капитаны Ернұр Бауыржанұлы оқушылардың өмір қауіпсіздігі, мектептегі және қоғамдық орындардағы тәртіп нормалары мен ҚР Заңнамаларындағы әкімшілік құқықбұзушылық баптары туралы айтып түсіндірді. Сондай-ақ, оқушылар толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Қойылған сұрақтарға Ернұр Бауыржанұлы нақты жауап берді. Жиналыс соңында тәртібі нашар оқушыларды алып қалып, жеке жұмыстар жүргізіп, тәртіп нормаларын сақтау туралы ескерту жасады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Умарханов жиналысты қорытындылай келе, тәртіпке бағынған құл болмайтынын айта отырып, оқушыларды ауызбіршілік пен адамгершілікке шақырып, мектептің ішкі тәртіп ережесін бұзбау және оны мұқият орындау керектігін баса айтты. Жиналыс соңында келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, рахметін айтты.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив