17
март
2022
«Оқуға құштар мектеп» жобасы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 9-10 сыныптар арасында «Мұқағали Мақатаев ғасыр ақыны» тақырыбына реферат жазылды.
Мақсаты:
Мұқағали Мақатаевтың ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Мұқағали Мақатаевтың 90- жылдығына арналған «ғасыр ақыны» атты реферат жазылды. Ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев көптеген тақырыптарға қалам сермеген ақиық ақындардың бірі. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттың, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Поэзия әлемінде өз ойын көркемдікпен, асқан шеберлікпен бере білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл тек шабыты өте жоғары, өлең шығару дарыны бар үлкен талант иесінің қолынан ғана келеді. Ондай таланттардың бірі, поэзия әлемінің асқар шыңы – Мұқағали Мақатаев .
«Мұқағали Мақатаев ғасыр ақыны» тақырыбына реферат жазған оқушылар:
1. 9а сынып оқушысы Назарбаев Дарын
2. 9ә сынып оқушысы Мақажан Мейіржан
3. 9б сынып оқушысы Абилова Жұлдыз
4. 10а сынып оқушысы Батырхан Нұрайым
5. 10а сынып оқушысы Базарханқызы Айдана
6. 10ә сынып оқушысы Мұса Айдана
Ұйымдастырып өткізген кітапханашы Р.Доспаева