«Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп –гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ І-ші тоқсанда атқарылған тәрбие жұмысының есебі. » Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
кмм
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-08-33
Есепші бөлімі:
+7(72836) 3-08-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп –гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ І-ші тоқсанда атқарылған тәрбие жұмысының есебі.
12
ноябрь
2020

«Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп –гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ І-ші тоқсанда атқарылған тәрбие жұмысының есебі.

«Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп –гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ І-ші тоқсанда атқарылған тәрбие жұмысының есебі.

       Биылғы жаңа 2020-2021 оқу жылында жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында   облыстық Мұқағали оқулары онлайн -байқауы 2020 жылғы  21 тамызда өтті. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ Алматы облысының білім басқармасы. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ

 - Облыстық жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында М. Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;

     Байқауға мектебіміздің 9 сынып оқушысы Айдарқызы Қарақат қатысып жүлделі II- орынды иеленіп облыстық білім басқармасының грамотасымен марапатталды. Жетекшісі: Гүлім Ерікқызы Төлегенова. 

      Жаңа оқу жылында 1-11 сыныптар барлығы кітаппен қамтылды және барлығына жеткілікті. 1-11 сыныптардың сынып жетекшілерінен оқушылар туралы мәліметтер алынды. Қазіргі уақытта аз қамтылған 49 отбасында 132 бала бар, толық емес 46 отбасында 52 бала бар, оның ішінде әкесіз 28 отбасында 34бала, шешесіз 3 отбасында 3 бала және ажырасқан 15 отбасында 15 бала тәрбиеленіп жатса, көпбалалы 45 отбасында 179 бала, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 2 жетім бала бар. 

       1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында   дәстүрлі «Мектепке жол»   қайырымдылық акциясы «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету» ұранымен өткізілді. Сонымен бірге «Атамекен KZ» порталына мектеп бойынша аз қамтылған 45 отбасы тіркелді. Кәсіпкерлер тарапынан 26 оқушыға 354500 теңгеге демеушілік көмек көрсетілді. Атап айтсам 15 оқушыға сумка және кеңсе заттары, 1 оқушыға костюм шалбар, 5 оқушыға смартфон телефондар, 5 оқушыға күздік және қыстық аяқ киімдер берілді.  Қашықтан оқыту жағдайына байланысты жаңа оқу жылында аз қамтылған, көпбалалы, толық емес отбасымен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға да мемлекеттік қолдау шаралары жүргізілді. Шараны ұйымдастыру үшін мектептегі қамқоршылық кеңесі, балалардың құқығын қорғау инспекторы, әлеуметтік педагог, ата-аналар комитетінің төрайымы, тәрбие жөніндегі орынбасарлардан комиссия мүшелері бұйрықпен бекітіліп, үлкен жауапкершілік жүктелді. Әрбір оқушыға берілетін заттар комиссия мүшелерімен ақылдаса отырып шешіледі және солардың қатысуымен акт толтыру арқылы беріліп отырды. Яғни, ЖББА есебінен оқу жылының басында атаулы әлеуметтік көмек (АСП) алатын 75 оқушыға және әлеуметтік мәртебесі басқада 20 оқушыға оқуға қажетті сумка және кеңсе заттары берілсе, 130 оқушыға ноутбук, компьютер, 20 оқушыға планшет берілді. Қазіргі таңда оқушыларымыз күнделікті сабақтарына қолдануда. ЖББА есебінен алынған көмектің жалпы соммасы 587395 теңгені құрады.

      Тәрбие жұмысының 8- бағыты бойынша тәрбие жоспары бекітіліп сынып жетекшілеріне электрондық нұсқасы ұсынылды. Жоспарға сәйкес іс-шаралар өз жалғасын табуда.

Білім күніне орай «Алғашқы қоңырау» мерекесі 1 қыркүйек күні сағат 9.00 де 1-11 сыныптарда онлайн арқылы өткізілді. Салтанатты жиында мектеп директоры 1-ші сынып оқушыларын құттықтап, жылы лебізін арнады. Мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Б.Қостаева және ата-аналар комитетінің төрайымы Л.Ахметова салтанатты жиынға шақырулы қонақ ретінде қатысты. 1-ші сынып оқушылары құттықтау тақпақтарын айтса, Сейдахмет Әдемі әсем әнін арнады. 1-4 сыныптарда «Конституция біздің болашағымыз», 5-8 сыныптар «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз», 9-11 сыныптар «Адалдық сағаты», «Әділдікке үндеген Қожа Ахмет Яссауи» атты тақырыптарда сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді. 

      Сонымен бірге 2020 жылдың 7 қыркүйегінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Н.Дәуленбекова, Д.Умарханов мектептегі әлеуметтік азқамтылған, көпбалалы отбасыларымен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім оқушының үйлеріне рейдтік шаралар ұйымдастыру барысында 17 отбасы қамтылды. Рейд барысында ата-аналармен сұхбаттасып, қашықтан оқыту барысында оқушылардың оқу тапсырмаларын қандай платформа арқылы орындап жатқандығы және қашықтан оқытуда қандай кедергілер кездескендігі туралы ойларын біліп, ашық әңгімеге тарттық. Ата-аналардың айтуы бойынша балалары қазіргі таңда “Онлайн мектеп” платформасы арқылы оқу тапсырмаларын орындап, күнделікті сабаққа белсенді қатысып жүргендерін және платформаның оқушылар үшін қызықты және тиімді тұстарының бар екенін  және алғашқы күндерге қарағанда қазір платформа жұмысының дұрыс жолға қойылып келе жатқандығында жасырмай жеткізді. Сонымен бірге қосымша “WatsApp” интернет желісі арқылы тапсырмаларды толықтырып оқитындарында тілге тиек етті. Балаларының сабаққа уақытылы қатысуын қадағалап отыру ата-ананың басты жауапкершілігі екендерін де жеткізді. Сонымен бірге мектеп тарапынан берілген компьютер, ноутбуктарды іске қосып қолданып жатқандығы да сұралды. Нәтижесінде бір, екі отбасының компьютерін интернет желісіне қосып “Онлайн мектеп” платформасына қосылып, тапсырмаларды қалай орындау керектігі туралы кеңестер беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қорытындылай келе, ата-аналар тарапынан ешқандай өтініш, ұсыныстар айтылмады, тек мектеп ұжымына өздерінің алғыстарын жеткізді. Қазіргі уақытта осындай рейдтік шаралар өз жалғасын табуда.

Спорттық секция мен үйірме сабақтарының сабақ кестесі құрылған және спорттық секцияның 17 түрі бар оның ішінде, волейбол, баскетбол, футбол, шаңғы тебу, теннис, ұлттық тоғыз құмалақ, дойбы, шахмат ойындары, президенттік тест. Барлығы 250 оқушы қамтылған. Үйірме жұмысының 11 түрі бар оның ішінде ұлттық ойындар, көркемөнерлік эстетика бағыты, сәндік қолданбалы, жаратылыстану- математикалық бағыт, тілдік бағыт және басқалары. Барлығы 410 оқушы қамтылған.

      Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу мақсатында қазақ  тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері 2020 жылдың 7-11 қыркүйек аралығында тілдер апталығын өткізді. Тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға,  қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, тілін, елін сүйе білуге үйрететін бұл мерекелік іс-шараға 5-11 сынып оқушылары белсенді қатысты.  Тілдер апталығының жоспары құрылып, бекітілген бағдарламаға сәйкес көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.

   8- ші қыркүйек күні  1-10  сыныптар арасында «Қазақстан халқы тілдер күні» атты тәрбие сағаттары өткізілді.Сынып сағаттарының алға қойған мақсаты: оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу және оқушылардың азаматтық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерін, ұлттық  рухани санасын, эстетикалық биік талғамын, өмірлік тәжірибесін байытып, тілімізді құрметтеп, аялай білуге тәрбиелеу болмақ.

    Тілдер апталығы аясында А.Байтұрсыновтың    туғанына 145 жыл толуына орай «А.Байтұрсыновтың  өлеңдерін оқу» атты  тақырыпта көркемсөз оқу шеберлерінің Челленджін 10-сынып оқушылары жолдады .Сонымен қатар «Үш тілділік заман талабы» атты бейнеролик Г.Намысбаеваның жетекшілігімен 10-сынып оқушылары ұйымдастырды.  Ахмет Байтұрсынұлының  туған күніне орай мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Данияр Даулетханұлы мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдеріне  А.Байтұрсыновтың «Оқуға шақырамын» атты эстафетасын жолдады. Бұл эстафетаны тіл мамандары қабыл алып, Ахмет Байтұрсынов өлеңдерін оқып челленджді жалғастырды.

Тіл мәселесін көтеруде барлық іс-шараларды ұтымды ұйымдастыруға жаппай  мектеп ұжымы ат салысады.  Тілдің діңгегі одан әрі күшею үшін әлі де талай игі істер  бірігіп атқарылады.  Тіл үшін күрес –тәуелсіздікке қосқан үлес деп есептейміз, тілімізге шынайы  жанашырлық танытуға мектебіміздегі ұстаздарымыз түгелдей атсалысады деп сенеміз.

      Тамыз –қазан айлары аралығында 1-11 сыныптардың сынып жетекшілеріне  20 тамыз бен 17 қыркүйек күні өткен жалпы республикалық “Қашықтан оқыту кезінде балаға қалай көмек көрсетуге болады?” тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізу ретімен ондағы қаралатын сұрақтар жайлы баяндап, бейнебайланыс арқылы жиналыс өткізілді.   Ата-аналар жиналысының мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету.

       Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі 9 сұрақ қаралды:

1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары.

2)Қашықтан оқыту: баланың іс-әрекеті және жұмыс орны.

3) Қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру интернет-платформасымен танысу.

4) Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі.

5) Баланың оқу режимі және демалысы.

6) Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?

7) Интернетті қауіпсіз пайдалану үшін ата-аналарға балаларына үйрететін ережелер.

8) Интернеттегі балалардың жұмысын ата-ана бақылауы ережелерімен таныстыру

9) Ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы.

       Жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес толыққанды мағлұмат беріліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

       Сонымен бірге 1 қазан күні 1-11 сыныптардың ата-аналар комитетінің төрайымдарына АПБ –мен бірлесіп ата-аналар жиналысы өткізілді.

      Жас ұлан еріктілер клубынының мүшелері мен мектеп Президентін саулайға 10а сыныбынан Мұрат Аяулым, Мұхамедкәрім Айдана, Естайұлы Мағжан, 10 ә сыныбынан Нағызбек Гүлбайра қатысып  инстаграм желісі арқылы оқушыларымыз дауыс беруге қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша 10 а сынып оқушысы Естайұлы Мағжан мектеп Президенті болып сайланды.

      Сонымен қатар рухани–адамгершілік  және азаматтық–патриоттық тәрбиелеу,  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәдениетті  мектеп  ортасында қалыптастыру мақсатында  «Адал ұрпақ» еріктілер клубына белсенді оқушыларды қабылдау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде клуб мүшесі болып 20 оқушы қабылданды. Клуб мүшесіне қабылданған оқушыларға «Адал ұрпақ» клубының мақсаты мен міндеттері және  оқу жылында атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырылды. 29 қыркүйек күні Ренат Бектұровпен «Адалдық сағаты» ұйымдастырылды. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, инабаттылық және сенім сияқты ең маңызды адамгершілік құндылықтарды дарыту. 2 қараша күні Ардақ Назаровпен «Адалдық сағаты» өткізілді. Мақсаты: Қазақстанның танымал тұлғаларын таныта отырып, жастар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету.

      14.09-21.09 «Менің отбасым» тақырыбында 8 а,ә,б сыныптар арасында эссе жазылды.  Эссе 8 сыныптарға қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері өткізді. Эссе іріктеліп   ең жақсы деген жеңімпаздардың қорытындысы мектептің инстаграм  және фейзбук парақшаларына жарияланды.

      2020 жылдың 14 қыркүйегінде ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУ- 2020 атты дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері А.Мықтыбеков, А.Серік, Д.Уальбай таңғы жаттығу өткізіп, салауатты өмір салтын насихаттап жаттығудың түрлерімен таныстырды. Еліміздің болашағы жас ұрпаққа таңғы жаттығумен айналысуға кеңес беріп, іс-тәжірибелерімен бөлісіп, таңғы жаттығу эстафетасын Қарабұлақ орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне жолдады. 

       15.09 күні  1-11 сыныптарға  жалпы «Мен отбасымды мақтан тұтамын» атты сынып сағаты өткізілсе, 16 қыркүйек күні отбасылар апталығының жоспарына сәйкес Ескелді аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Жолдыбаев Серік Сағадиұлы мен бірлесіп санитарлық нормаларды сақтай отырып, 6-шы сыныптардың ата –аналары мен «Толағай» отбасылар сайысын ашық аспан астында өткіздік. 

        Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата - анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. 

     Сайысқа үш сыныптан үш топ қатысып күш сынасты, олар: 6а сыныбынан Байбековтер отбасы, яғни «Сұңқар» тобы, 6ә сыныбынан Үмітбековтер отбасы, яғни «Қыран» тобы, 6б сыныбынан Болысбековтер отбасы, яғни «Болашақ» тобы.

     Сайысымыз 7 кезеңнен бойынша өткізілді.

1. «Таныстыру» кезеңі

2. «Пингвин» кезеңі.

3. «Кім шапшаң?» кезеңі.

4. «Қаппен секіру» кезеңі.

5. «Футбаскет» кезеңі.

6. «Кім көп секіреді?» кезеңі.

7. «Арқан тарту» кезеңі.

     Сайысты қорытындылай келе, әділқазы алқасының мүшесі мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы Л.Қ.Ахметова сайысқа қатысушы отбасыларды құттықтап, І-орын иеленген 6б сыныбының Болысбековтер отбасына, яғни «Болашақ» тобына, ІІ-орын иеленген 6ә сыныбының Үмітбековтер отбасына, яғни «Қыран» тобына, ІІІ-орын иеленген 6а сыныбының Байбековтер отбасы, яғни «Сұңқар» тобына Ескелді ауданының жастар ресурстық орталығының кубоктарын табыстады. Сонымен бірге мектеп тарапынан дайындалған бағалы сыйлықтар және мақтау грамоталары берілді.

     2020 жылдың 17 қыркүйек күні “Отбасылар күні” апталығының жоспарына сәйкес 7 -ші сыныптардың арасында Денсаулық фестивалі ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Оқушы жастарға салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануларына, икемділікпен жылдамдыққа үйрету арқылы, оларда отбасының мүшесі екенін ұғындыру.

     Сайысымыз 5 кезең бойынша өткізіліп, әрбір кезең әділқазы алқаларының ұпайларымен бағаланып отырды. Сайысқа барлық сыныптар белсенді қатысып, өздерінің спорттық жарыстағы қызығушылықтарын көрсете білді. Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды 7А сынып оқушылары, 2-орынды 7 Ә сынып оқушылары, 3- орынды 7Б сынып оқушылары өзара бөлісіп, мақтау грамоталарымен марапатталды. 

        28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында «Қарттар күні» мерекесі аталып өтілді. 28 қыркүйек күні «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар!»  педагог ұйымдастырушы Г.Телемисова  мен " Жас Ұлан» ұйымының мүшелері бірігіп  қарт ұстаздарға өз қолдарымен сыйлық жасап, ұстаздарды құттықтап қайтты. Қарт ұстаздарымыз алғыстары мен  ризашылығын білдірді. Қарт ұстаздардың  бейнеролигі мектептің инстаграмм парақшасына салынды.

       29 қыркүйекте  5-7  сыныптар " Менің сүйікті атам мен әжем" сурет көрмесі байқауы онлайн форматта өткізілді. Оқушылардың үздік жұмыстары мектептің инстаграмм желісіне салынды. 

       30 қыркүйек сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 1-2 сыныптар  «Ата, әже мектебі» атты челленджі өткізілді. Оқушылар үйдегі ата-апаларынан не үйреніп жүргенін және кімді үлгі тұтатындығын айта білді. Оқушылардың бейне ролигі мектептің инстаграмм желісіне салынды.    

     Ұстаздар күні мерекесінде мектеп әкімшілігі мектеп ұстаздарын ұстаздар күнімен құттықтап бейнероликті әлеуметтік желі арқылы назарларына ұсынды. Сонымен бірге онлайн форматта шағын концерттік бағдарлама ұсынылды. Жиын барысында жас мамандарымыз ант қабылдаса,  біршама ұстаздарымызға мектепішілік және аудандық мақтау қағаздары табыс етілді. Шара мектеп әкімшілігінің және әдістемелік бірлестік жетекшілерінің қатысуымен өткізілді.

     05  қазанда   Халықаралық қыздар күніне орай  БҰҰ Бас Ассамблеясымен қыздардың құқықтарын   қорғау тақырыбына тәрбие сағаттары өткізілсе, 20 қазан күні кітапханамен бірлесіп  «Атаулы даталар» 1-4 бастауыш сыныптарда «Абай Құнанбайұлының – 175 жылдығы» атты челлендж өткіссе, 5-8 сыныптар арасында «Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл» атты бейнеролик пен сыныптан тыс тәрбие сағаттын зумм платформасы арқылы өткізілсе, 9-11 сыныптар арасында «Тарихи мұра Алтын орданың 750 жыл»   толғанына орай 10 ә сынып оқушылары челлендж  түсірсе, 9-11 сыныптарға сыныптан тыс тәрбие сағаттары өткізілді.

      2020 жылдың 6 қазан күні кешкі сағат 20.00 ден 22.00 ге дейін аудандық полиция бөлімінің ЮПТ-ның инспекторы полиция капитаны Е.Бауыржанұлымен бірлесіп кешкі рейдтік іс-шараларға мектептің ер жігіт мұғалімдері А.Байбараков, А.Уйсипбек, 30 қазанда М.Құрмет, А.Ұлықбек рейдтік іс-шараға қатысты. Рейд барысында мектеп аумағына тиесілі учаскелермен орталық саябақтарды, орталық базарлар мен дүкендер қамтылды. Кәмелеттік жасқа толмаған, ата-ананың бақылауынсыз жүрген оқушыларға «Түңгі қаладағы балалар» атты рейдтік іс-шараның ұйымдастырылып жатқандығы ескертіліп, түңгі уақытта заңды тұлға, яғни ата-ананың бақылауынсыз көшеде жүруге тыйым салынатынын айта келе, жалғыз немесе достарымен аға, әпкелерімен жүруге болмайтындығы туралы ескертулер берілді. Қоғамдық орындарда түңгі сағат 23.00 ден таңғы 06.00 ге дейін тек қана ата-ананың қатысуымен ғана жүруге болатыны да айтылды. Рейд барысында қоғамдық орындарда тәртіп бұзған, себепсіз бос жүрген оқушылар анықталмады.

      «Бала құқығы –адам құқығы» дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған іс-шара жоспарына сәйкес «Балалардың мектепке оралу кезіндегі психикалық денсаулықты қорғау» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін онлайн ата-аналар жиналысы қазан айының 22-29 күндері аралығына жоспарланып өткізілді. 

     Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында баланың тұлғалық маңыздылығы мен қадір-қасиетіне деген сенімді дамыту, баланың тұрмыстық жағдайын жақсартуға үлес қосуды нығайту, баланың әл-ауқаты мен қорғанысына қатысты әлеуметтік және құқықтық қағидаларды қалыптастыру.

Ата-аналар жиналысындағы басты сұрақ ретінде қарастырылған мәселе, оқушыларымыз штаттық режимде оқуға көшкен жағдайда ең бірінші алға қойылатын талап, балалар мен жасөспірімдердің өздеріне тиесілі ерекше қорғалуы және мектеп тарапынан санитарлық талапты сақтау және оны іске асыру туралы көмек алу құқықтарын сезінулерін  ата-аналарға жеткізе отырып, мемлекет пен әрбір азаматтың әр адамның тағдыры, Отанымыздың қауіпсіздігі мен болашағы үшін өзара жауапкершілігін сезінуіне жәрдемдесу үшін ата-аналармен бірлескен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар жүргізу, біз үшін маңызды болып саналатынын хабардар ету.   Жиналыс барысында ата-аналар тарапынан ашық сұрақтар қойылды және қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан кері байланыстар чат арқылы жазбаша түрде және ауызша берілді.

«Бала құқығы –адам құқығы» жоспарына сәйкес 5ә сынып оқушысы Бектұрды Камила «Позитивті отбасы» бейне роликтерін және 4ә сынып оқушысы Сәлім Айбар «Менің отбасым» атты бейне роликтерін ұсынды. Аталған бейнероликтер инстаграмм желісіне жүктелді.

       2020 жылдың 30 қазан күні онлайн форматында қашықтан қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігімен бейне байланыс арқылы жиналыс өткізілді. Жиналыста төмендегі сұрақтар қаралды.  1. Қараша айында онлайн форматында өтетін аудандық І.Жансүгіров, Абай-Шәкәрім, М.Мақатаев оқуларына қатысатын оқушылардың дайындығы туралы.

        2. 9-20 қараша аралығында «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын өткізуде «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады!» тақырыбында жоғары буын оқушылары арасында қашықтан үздік эссе байқауын өткізу және қорытындысын шығара отырып жеңімпаздарды марапаттау.   Сонымен бірге жиналыс барысында әр түрлі сұрақтар қозғалып өзара ой бөлісе отырып шешімдерін табуға тырыстық. Алдағы уақытта жоспарлы жұмыстар өз жалғасын табады.

       Сонымен бірге сынып жетекшілер күнделікті оқушылардың сабаққа қатысу туралы мәліметті Г.Телемисоваға беріп отырды. Күнделікті ақпаратта оқушылардың себепті, себепсіз қатыспаған жазып электрондық сканерленген нұсқасы АББ-ні жіберіліп отырды. Қыркүйек айында 9 оқушы себепті болса, қазан айында 3 оқушы себепті болды. І-ші тоқсанның қорытындысы бойынша 10 күннен артық себепсіз сабақты босатқан оқушылар анықталмады. 

       І-ші тоқсанда атқарылған тәрбие жұмысын қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалар арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу үшін, оқушылардың каникул кезіндегі пайдалы және белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру жүйесін дамыту мен жетілдіруге бағытталған «Қазақстан балалары – күзгі интерактив!» күзгі каникул кезіндегі балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеген болатын.

      Ұсыныстардың мақсаты күзгі каникул кезінде балаларды жұмыспен қамтуды ұйымдастырудың жалпы тәсілдерін әзірлеу, білім беру ұйымдарында шығармашылық, спорттық, көшбасшылық бағдарламаларды іске асыру болып табылады.

       Осыған орай, жоғарыда аталған Ұсыныстарды орындау мақсатында, қажетті деңгейде мектепішілік іс-шараларды 5-14 қараша аралығында ұйымдастыру үшін жоспар әзірленді.

5 қараша күні аудандық Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп 10А,Ә сынып оқушыларынан құралған «ЕРІКТІЛЕР» ұйымымен «АСАР» челленджін ұйымдастырып жалғызбасты көмекке мұқтаж Панфилова   көшесі № 91 үйде тұратын  жалғыз басты Зоя Ефимовна батыр апамыздың үйіне барып қысқа дайындық ретінде отындарын бұтап, көмектестік және Маметова көшесі 44 үйде тұратын Соворовская Александра Некифровнаның ауласын күзгі жапырақтардан тазалап қайттық. Асар барысында мектебіміздің еріктілер ұйымы отансүйгіштік, мейрімділік сезімдерін қалыптастырып,  қарт адамдарға құрмет көрсете отырып,  ардагерлер өмірі мен олардың өткен жолынан үлгі алды деп айтуға болады. 

     Күзгі демалыста атқарылған іс –шаралар қорытындысы бойынша ақпаратты білім басқармасына ағымдағы жылғы 14 қарашаға дейінгі мерзімде жолдаймыз.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив