01
декабрь
2022
«Дін және қоғам» тақырыбында кездесу өтті
Ескелді ауданы, Ш.Уәлиханов АОМГ «Дін және қоғам» тақырыбында өткен кездесу туралы мәлімет 2022-2023 оқу жылындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында іс-шара жоспары құрылған. Жоспарға сәйкес 2022 жылдың 01 желтоқсанында 5-10 сынып оқушыларына "Діни экстремизм және терроризм" тақырыбына бірнеше бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көрсетілген бейнефильм бойынша оқушылар сұрақтарын қойып, діни экстремизмнің теріс жақтарымен қауіптілігін түсінгендерін жеткізді. Жиынды директордың тәрбие орынбасарлары мен мектеп психологтары ұйымдастырып өткізді.
Қазіргі таңда оқушылар уақытының көп бөлігін әлеуметтік желіге жұмсайды. Ал әлеуметтік желіде онлайн отырып халық арасына іріткі салып, діни ағымдарды кері насихаттайтын уағызшылар немесе экстремистік топтың мүшелері бар екені жасырын емес. Осындай жағдайға тап болған кез-келген жастарымыздың діни сауаттылығы болса, тығырықтан шығу жолын қарастырып, теріс пиғылды арандатушылардың құрбаны болмау үшін, олардың арбауына түспеу үшін, дұрыс шешім қабылдай білген жөн және айналасынан көмек сұрау үшін орын алған жағдаймен бөліскені абзал. Себебі, жастарымызды адалдықтың жолынан адаспай, өмірде өздерінің таңдауын дұрыс жасай білуге, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу ата-анамен ұстаздар қауымының басты борышы деп есептейміз. Осындай өзекті тақырыптағы жиындардың бала тәрбиесіндегі рөлі маңызды. Қорытындылай келе, жастарымыздың болашағы жарқын, келешегі кемел болуын тілейміз.Ұйымдастырып өткізген ДТЖО Д.Умарханов, мектеп психологы А.Жакаева.