Мектеп тарихы » Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
кмм
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-08-33
Есепші бөлімі:
+7(72836) 3-08-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
сентябрь
2021

Мектеп тарихы

Мектеп  тарихы
  Қарабұлақ кентіндегі киелі білім ордасы саналатын Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы алғашқы шәкірттеріне өзінің есігін 1990 жылдың 1желтоқсанында айқара ашты.Мектеп алғаш ашылған жылы мектепке 972 бала қабылданып, 32 сыныпқа бөліп отырғызылды. Аудан орталығында ашылған бұл мектептің 4 класс-комплектісінде 89 оқушы таза қазақша білім алып жатты. Мектеп ірге тасын қалаушылар ішінде мектеп директорының оқу -тәрбие жұмысының орынбасары З.Ғ.Жетпісбаеваның мектептің қалыптасып, дамуына қосқан үлесі зор. Мұнда жасөспірімдердің сапалы білім, саналы тәрбие алынуына барлық жағдай жасалынған.Жүздеген шәкірттердің жүрегіне нұр құйған оның бейнесі қаншама жылдар өтсе де, түлектердің есінде, жадында сақтаулы. Қарабұлақ кентінде алғаш ашылған қазақ сыныптарында таза қазақша білім алған осы оқушыларға А.С.Тұрсынбаева, А.С. Жаңбырбаева, Д.Андасбаева, К.Рахметова сынды тәжірибелі ұстаздар білім беруді бастаған болатын. Мектепті 2003 жылдан бастап ҚР білім беру ісінің үздігі медальінің иегері Тазабеков Әкімбек Ұлдаханұлы басқарып келеді. Жақсылыққа жаны құмар, ізгілікті, ынтымақты ұжымға Жетпісбаева Зейнегүл Ғалымбекқызы, Ауезова Гүлғайза Қанайбекқызы, Умарханов Данияр Даулетканович, Дауленбекова Назира Болатпаевна, Телемисова Гульзат Орызкановна сияқты тәжірибелі мектеп директорының орынбасарлары жетекшілік етіп, ерен еңбектің үлгісін көрсетуде. Осындай ұлағатты ұстаздар басқарған мектеп ұжымы аудан, облыс, республика көлеміне танылған мектеп атана білді. Ұстаздар мұндай сапаға көп жылдық жемісті еңбектерінің нәтижесінде жетті. Осы 32 жыл ішінде мектебіміз өзінің педагогикалық кадрларымен және де талантты оқушыларымен де көріне білді. Қазіргі кезде мектепте 701 оқушы 36 сыныпта білім алып жатыр. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив