балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасындағы суицидтік әрекеттердің алдын алу жөніндегі Ауданға есеп 2021ж » Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің
"Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
кмм
Қабылдау бөлімі :
+7(72836) 3-08-33
Есепші бөлімі:
+7(72836) 3-08-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасындағы суицидтік әрекеттердің алдын алу жөніндегі Ауданға есеп 2021ж
23
ноябрь
2021

балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасындағы суицидтік әрекеттердің алдын алу жөніндегі Ауданға есеп 2021ж

  «Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы МДШО» коммуналдық мемлекеттік мекемесі психологиялық қызмет бойынша балалардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасындағы суицидтік әрекеттердің алдын алу жөніндегі  есебі



          2021-2022  оқу жылының басында жылдық жоспар құрылып, жұмыстар жүргізілуде. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу үшін «Сенім жәшігі» мөр қойылып, құлпыланып, мектептің 1 қабатындағы көрнекті жерге ілінген, мектеп психологтары тарапынан «Сенім жәшігі» туралы оқушылар мен ата-аналарға және  мұғалімдерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

          Оқушылардан «Өзін-өзі бағалау» әдістемесі, «Социометрия» әдісі, «Темперамент типі», «Аяқталмаған сөйлем»,  «Ағаш» әдістемесі,  «Отбасылық социограмма, Э .Г.Эйдемеллер және В.Юстицкийдің   «Отбасылық қобалжуды анықтау» әдістемелері,», Кондаштың   «Қобалжу шкаласы»,  «Суицидтік бағыттылықты анықтау» (СБА) тұлғалық сұрақнамалары  алынды.    

Нәтижесі бойынша анықталған   оқушыларға жоспар құрылды.  








            Анықталған  оқушылар   жеке  кеңеске  шақырылып, әңгіме  - сұхбат жүргізілді. Сынып жетекшілермен, ата-аналарымен тығыз байланыста бола отырып, қиындыққа тап болған оқушылардың жағдайын бақылап, жеке жұмысқа алынып, жұмыс жүргізілуде. 

Әр ай сайын ата-аналар жиналыстарында  «Оқушылардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы», «Құмар ойындарға тәуелділік», «5-сынып оқушыларының бейімделу ерекшеліктері   және ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы», «Жеткіншектердің психикалық дамуы ерекшеліктері және ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы»,   «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Баланы оқытуға  ата-ананың рөлі және психологиялық қолдау» т.б тақырыптарда   ақпараттандырылып, кеңестер берілді.   






     Сонымен қатар,  оқушылар мен ата-аналарға арналған  «Bilim Foundation» қоғамдық қоры әзірлеген бейнематериалдардың сілтемелері берілді. 


         Кибербуллинг, әлімжеттік, буллингтің алдын алу тақырыптарында бірнеше видеороликтер 1-11 сынып оқушылар чаттарына  жіберілді.



         Оқушылармен алдын-алу, түзету жұмыстары бойынша, оқушылардың өмірге деген жағымды көзқарастарын қалыптастыру мақсатында  «Өзіңнің қорқыныштарыңды биле», «Бірақ.... аяқталмаған сөйлем» ойыны, «ҰБТ-де менің мінез-құлқым», «Сәтті қарым-қатынас», «Оқушылардың ғаламтор желісіндегі қауіпсіз мінез-құлқы»,  т.б жаттығулар, тренингтер өткізіліп, жадынамалар берілді. Сонымен қатар 9 –сынып оқушыларымен «Мен өмірді сүйемін!» тақырыбында  тренинг «Фонтан», «Стресс», «Өмірді сүюдің 10 ережесі», «Қиындықтан шығудың 10 жолы» жаттығулары жүргізіліп, «Өмірде шектеу Жоқ!»   тақырыбында бейнеролик көрсетілді.  Оқушылардың бойындағы  қорқыныш пен үрейден,  жаман ойлардан арылту, эмоцияларын реттеу мақсатында арт терапия жұмысы жүргізілді. Оқушылар жұмысқа белсене қатысып, өз сезімдерімен, ойларымен  бөлісті.





4-ші қараша күні педагогикалық кеңесте  мұғалімдерге «Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік ерекшеліктері» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Суицидтің түрлері және суицидтік мінез-құлықтың  даму динамикасына тоқталып кетті.  Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік ерекшеліктері бар балалар өздерінің жан күйзелісін  ескерту белгілері арқылы білдіретіндері айтылды. Эмоциялық   жағынан бірнеше  белгілерін және қай айларда,  қай уақытта, не себептен баратыны мұғалімдер  тарапынан бақылауды, қадағалауды назарға алуды ұсынды.  Сондай –ақ мұғалімдерге  баланы жақын тарта отырып, жан сырын түсінуге, жақсы көруге т.б   мадақтау сөздерін жиі айтып отыруға   кеңестер берілді. 




Мектеп психологтары Жакаева А.К., Ғазез Ж.С
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив